+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Алматы облысында жүк көлігі мен жеңіл авто соқтығысып, бір адам мерт болды

2021 жылғы 4 мамыр 15:53
Бөлісіңіз:
Алматы облысында жүк көлігі мен жеңіл авто соқтығысып, бір адам мерт болды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Алматы облысында жүк көлігі мен жеңіл авто соқтығысып, бір адам мерт болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда электр самокатпен бара жатқан қызды көлік қағып кетті Көкшетау-Петропавл жолындағы көлік апатында жүргізуші әйел қаза тапты Ақтауда жол апатынан үш автокөлік өртеніп кетті

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі көлік апаты бүгін сағат 11:45 шамасында болғанын хабарлады.

«Алматы-Көкпек-Көктал» тасжолының 24-ші шақырымында болған оқиға кезінде 32 жастағы жолаушы көз жұмған.

Алдын ала болжам бойынша, Toyota автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кеткен.

Салдарынан Панфилов ауылының маңында «HOWO» маркалы жүк көлігіне соғылған.

«Көлік апаты кезінде Toyota автокөлігінің 32 жастағы жолаушысы оқиға орнында тілге келместен мерт болды. Ал осы көліктің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Талғар аудандық ауруханасына жеткізілді» делінген аталған ведомствоның мәлімдемесінде.

Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігіне сәйкес сот-алды тергеу басталды.

Қажетті сараптамалар тағайындалған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT