Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданына Қуанышбек Қашқымбаев әкім болып тағайындалды. Жаңа басшыны Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ляззат Тұрлашов көпшілікке таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалиұлы Қашқымбаев 1962 жылы туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген. Мамандығы бойынша - тау-кен инженері -электрик, заңгер.

Еңбек жолын Қырғызстан Республикасында Ыстықкөл совхоз техникумының жұмысшысы болып бастаған.

Әр жылдары «Казлифт» республикалық өндірістік тресінің 1 разрядты электр механигі, учаске шебері, «Электросеть» шағын өндірістік кәсіпорны директорының орынбасары, «Казжилкомонторг» коммерциялық фирмасының тауартанушысы, құрылыс тобының жетекшісі, «Шаруа» АҚ-ның бас маманы, Алматы қалалық жер қатынастары және жерге орналастыру комитетінің бас маманы, «Алматыгеокад» ЖШС-ның Бостандық аудандық жерге орналастыру бөлімінің бас маманы, «Алматыгеокад» ЖШС-ның Әуезов аудандық жерге орналастыру бөлімінің бастығы, «Алматыжеркадастр» КМК-ның Әуезов аудандық бөлімінің бастығы, Алматы қалалық жер ресурстарын басқару комитетінің жетекші маманы, Алматы қалалық аумақтық жер ресурстарын басқару жөніндегі басқарманың бөлім бастығы, «Алматы қалалық ЖерҒӨО» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының бас инженері, директордың орынбасары, бірінші орынбасары, директоры, Алматы қаласының жер қатынастары басқармасының бастығы, Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі, Алматы қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы болып жұмыс істеген.

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, бұған дейін Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болған Бинәлі Ысқақ зейнетке шықты.


Соңғы жаңалықтар