Алматы облысының полицейлері көпбалалы отбасына көмек көрсетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Балқаш ауданының тәртіп сақшылары аудан орталығы Бақанас ауылында тұратын 6 балалы отбасына санитарлық қорғаныс құралдарымен қатар, азық-түлік пен сол үйдегі үш оқушыға барлық кеңсе тауарларын апарып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеке құраммен келісе отырып, көпбалалы Орманбаевтар отбасына қолдау көрсету туралы шешім қабылданды. Карантин кезінде отбасына медициналық бетперде мен қолғаптар, азық-түлік, сондай-ақ үйдегі үш оқушыға жаңа оқу жылына арнап барлық кеңсе құралдарын табыстадық. Індеттің жаппай таралуына байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінен бастап біз көпбалалы және көмекке зәру отбасыларға үнемі қолдау көрсетіп келеміз»,- дейді Балқаш ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Нұргелді Абиров.

Әлемді шарпыған осы пандемия кезінде қиналған жанға қолдау берген тәртіп сақшыларына көпбалалы отбасы мүшелерінің айтар алғысы шексіз.

«Бүгін аудандық полиция бөлімінің басшылығы үйімізге келіп, азық-түлік пен мектепке қажетті барлық құрал-жабдықты табыстады. Осындай қиын кезде қолда барымен бөлісу, қолдау – нағыз ұлтжандылықтың белгісі деп білемін. Балаларымды қуанышқа бөлеген полицейлердің жұмысына табыс, отбасыларына амандық пен береке тілеймін»,- дейді Бақанас ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Әйгерім Ғалымқызы.

«Полицейлер санитарлық нормалардың орындалуын талап етіп қана қоймай, тұрғындарды қолдан келгенше маскамен қамтамасыз етеді. Жақында тұрғындарға 1500 масканы тегін тараттық. Ұлт саулығын қамтамасыз ету үшін пандемия кезінде әр адам әлеуметтік жауапкершілік танытып, санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс»,- дейді аудандық әкімшілік полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Балбек Лепесбаев.




Соңғы жаңалықтар