+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

Алматы облысының Сарқан ауданында 6 мың тонна жүгері жиналмақ

2020 жылғы 15 қазан 00:31
Бөлісіңіз:
Алматы облысының Сарқан ауданында 6 мың тонна жүгері жиналмақ

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Сарқан ауданында 6 мың тоннадан астам жүгері жиналмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Саялы Сарқан ауданы ауыл шаруашылығына қолайлы жер болғандықтан, халықтың басым бөлігі осы салада жұмыс істейді.

Биыл шаруалар барлық егілген дақылдың көлемі арттырып, қамбаға мол өнім жиналатынын күтуде.

2019 жылы аудан бойынша 800 га жүгері себілсе, биылғы жылы оның көлемі 1547 га жеткен. Одан 6 мың тоннадан астам өнім жинау жоспарланып отыр.

«Жүгері жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Алқаптарда 20-дан астам техника жұмыс істеуде. Жиналған өнімдердің басым бөлігі, малдың азығына жөнелтілмек. Негізгі дақылдарды жинауды қазан айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ, ауыспалы егістікті қолға алып жатқан шаруалар көп. Осының арқасында жердің құнарлығы сақталып, тозып кетпеуіне пайдасы тиеді. Осы орайда, біз аудандық жер қатынастары бөлімімен бірлесіп, жұмыстар жасап жатырмыз. Біздің тарапымыздан түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізілуде», - деді аудандық ауыл шаруашылығының бөлім басшысы Жандос Өмірсадық.

Бүгінгі күні жүгері жинау науқаны басталып, қазан айының соңына дейін аяқталмақ.

Шаруалар тұқымды көбіне Ресей елінен және жергілікті жерден тасымалдайды.

Айта кеткен жөн, жүгері егетін шаруа қожалықтарының саны жыл сайын артып, бүгінгі күні оның саны 31-ге жеткен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT