+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Алматы облысының тауларында қатты жаңбырдан кейін тағы да сел жүрді

2021 жылғы 10 маусым 18:23
Бөлісіңіз:
Алматы облысының тауларында қатты жаңбырдан кейін тағы да сел жүрді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының тауларында қатты жаңбырдан кейін тағы да сел жүрді. Лай-батпақ аралас тасқын Сарыөзек-Көктал тас жолында, Панфилов ауданына қарасты Ақжазық ауылының маңынан 9 маусым күні кешкі 17.00 шамасында ағып өткен, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шалқар көлінің табанын тазарту жұмысы мерзімінен бұрын бітуі мүмкін Елордада Талдыкөл көлін қоқыстан тазарту экологиялық акциясы өтті Павлодар облысында келер жылы суармалы жерлер тағы да 3000 га-ға дейін ұлғаяды

Өзен көпірінің асты селмен ағып келген ағаштармен бітеліп, батпақ жолдың үстіне жайылған. Тас жолдың жабындысына зиян келген жоқ. Қазіргі таңда мамандар жол сапасын тексеріп, хаттама толтыруда. Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендер жоқ, материалдық шығын келмеген.

Айта кету керек Алматы облысының таулы аймақтарында күн күркіреп, жаңбыр жауып, сел жүру қаупі арта түскен. Сондықтан құтқарушылар тұрғындар мен тауда демалушыларға барынша сақ болуды ескертеді.

«Ең бірінші халыққа айтатынымыз жауын-шашын кезінде, ауа райы күрт өзгерген жағдайда, таулы аймаққа және өзен жағалауларын бармауын сұраймыз»,- деді «ҚАЗСЕЛДЕНҚОРҒАУ» ММ Жетісу Алатауы аумақтық пайдалану басқармасы филиалы жетекшісінің орынбасары Айдос Сабырбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT