Алматы облысының тұрғыны «Аdidas» киімдерін қолдан тіккен

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында танымал брендтердің спорт аяқ киімдерін қолдан тіккен күдікті ұсталды. Қазір 1982 жылғы азаматтың үстінен бөтеннің тауар таңбасын заңсыз пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1982 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы жалған спорт аяқ киімдерін қолдан жасаған, сол арқылы «Аdidas AG» (Германия) және «Аdidas International Marketing BV» (Нидерланды) компанияларын 19 млн теңге сомасына залал келтірген. Тінту барысында қоймада танымал компаниялардың түпнұсқалық үлгілеріне сәйкес келмейтін 800 жұп спорт аяқ киімі анықталып, тәркіленді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 222-б. 1-б. бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз хатшысы Айнұр Идрисова.


Соңғы жаңалықтар