+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Алматы ПД басшысы: Шектеу шаралары - қауіпті аурудан сақтайтын қорғау шеңбері

2020 жылғы 31 наурыз 21:57
Бөлісіңіз:
Алматы ПД басшысы: Шектеу шаралары - қауіпті аурудан сақтайтын қорғау шеңбері

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы азаматтарды төтенше жағдай ережелерін сақтауға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық ПД хабарлауынша, қалада құрылған 26 бекеттегі жағдай тұрақты. Кеше карантинге байланысты шектеулі шаралар аясында патрульдік полиция мен мамандандырылған батальон жасақтары халық арасында түсіндіру және кеңес беру жұмыстарын жүргізді.

«Өкінішке орай, біздің отандастарымыздың арасында санасы төмен азаматтар да бар, олар қоғамға төніп тұрған қауіпті әлі де ескермейді және шұғыл мәселелерді сылтауратып қажеттіліксіз үйден шығады, осылайша төтенше жағдай және карантин ережелерін елемейді. Біз қазірдің өзінде барлық мүмкін жолдармен олардың және жақындарының денсаулығын қорғауды сұрап, түсіндіріп жатырмыз. Қоғам, қаланың жедел штабы бекіткен шектеу шаралары біреулердің қулық-сұмдығы емес екенін түсінуі керек, бұл, былайынша айтқанда, бізді қауіпті аурудан сақтап, күресу үшін берілген қорғау шеңбері. Халықтан ерекше ештеңе талап етілмейді, белгілі бір жадынама лгоритмі бар, оны қатаң сақтау және заңды бұзбау керек», – дейді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Оның айтуынша, кеше ішкі бекеттерде екі мың автокөлік жүргізушісі мен 350-ге жуық азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, ҚР ІІМ, Карантин,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT