Алматы полицейлері жүргізушілерді сақ болуға шақырады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы көлік жүргізушілеріне жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, полиция ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерді жолда сақ болуға және жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Тәртіп сақшылары жүргізішілердің бағытын алдын ала жоспарлау керектігін атап өтеді.

«Көбіне бұл үндеу қаланың жүргізушілер құрамына бағытталған. Біз оларды жол ережелерін қатаң сақтауға, көлік жүргізу мәдениетін көрсетуге және зейінді арттыруға шақырамыз. Көптеген автокөлік жүргізушілері жазғы дөңгелектерін ауыстырып үлгергені белгілі, сондықтан біздің үндеуіміз қазір өте өзекті және қала жолдарында қайғылы жағдайларды болдырмауға көмектеседі «, - деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Еске сала кетсек, қалады бір тәулік толассыз қар жауды. Оны мыңға жуық жұмысшы тазалап жүр.


Соңғы жаңалықтар