Алматы полициясы қалада интерактивті жол белгілері не үшін орнатылғанын түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы қалада интерактивті жол белгілері не үшін орнатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Электронды жаңа жол белгісі 9 сәуір күні 14:37 минутта Талғар тас жолы мен Хантәңірі көшесінің қиылысында пайда болды. Бұл қозғалысты жолдағы жағдайға байланысты реттеп отыруға қабілетті құрал.

«Бұл белгі SMD LED технологияларын қолдана отырып, EN12966 еуропалық стандартына сәйкес жасалған және жол белгілерінің түрлі-түсті кескінін жоғары ажыратымдылықпен көрсетуге мүмкіндік береді, бұл жүргізушілердің белгіні қабылдау қателігін жояды. Жол белгілерінің қажетті суреті тәуліктің уақытына сәйкес (бағдарламаға сәйкес) немесе АТЦС басқару орталығынан қашықтықтағы қозғалыс жағдайына орай арнайы электронды блок арқылы көрсетіледі. Ауыспалы ақпараты бар қозғалыс белгісінің жұмыс режимі 06 сағат 00 минуттан бастап 11 сағат 00 минутқа дейін, 4.1.1 «Тура қозғалыс» және 4.1.5 «Тура немесе сол жаққа жүру».Бұл көлік қозғалысын реттеудің жаңа техникалық құралдары қаланың жол желісіне кеңінен енгізу, күрделі көлік түйіндерінде басқарудың икемді (интеллектуалды) режимдерінің жұмысын қамтамасыз ету үшін орнатылды, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жандос Мұраталиев.

Спикердің айтуынша, 1 сәуірден бастап шаһарда жол белгілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

«Жыл сайын жол-техникалық инспекциясының қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде жол желісіне көктемгі тексеріс жүргізеді. Қолайлы жағдайдың басталуына байланысты қалада жол белгілері жаңартыла бастады, ең алдымен тұтас сызық, бұл қарсы жолақта келе жатқан көліктердің қарсы қозғалыс жолағына шығып кетпеуі үшін, жаяу жүргіншілер өткелдерінде, жаяу жүргіншілерді басып кетпеуі үшін. Ал бояу жұмысы тәулік бойы жүргізілетін болады. Полиция қызметкерлері автокөліктерді алып тастау және олармен соқтығысуды болдырмау бағытында белгілерді жаңарту топтарына көмек көрсетеді», – деді Жандос Мұраталиев.


Соңғы жаңалықтар