Алматы полициясы көліктен шығатын шудың деңгейін өлшейтін құрылғы сатып алмақшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы полициясы көліктен шығатын шудың деңгейін өлшейтін құрылғы сатып алмақшы. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ведомствоның ақпарат алаңында өткен онлайн брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қыркүйек айынан бері Алматы қаласы азаматтарының шағымы бойынша шектен тыс шу қолданатын автокөліктерді анықтау жұмысы жүріп жатыр. Жүргізушілерге шудың деңгейін қалай өлшеу керектігін барынша түсінікті көрсету үшін ішкі істер қызметкерлері арнайы мобильді қосымшаларды қолданып жүр. Бұл жерде мобильді қосымша арқылы өлшенген шудың деңгейі жүргізушілерді әкімшілік жауапқа тартуға негіз болмайтынын айту керек. Бұл қосымшалар тек түсіндіру жұмыстары үшін қолданылады», - деген министрлік өкілі бұл қосымшалардың орнына сақшылар сертификатталған арнайы құрылғы пайдаланатын күн де алыс емес екенін атады.

«Дегенмен, Алматы қаласы полиция департаментінің биылғы бюджетіне автомобиль шуының деңгейін өлшейтін сертификатталған 10 құрылғы алу енгізілген», - деді Серік Түсіпов.


Соңғы жаңалықтар