Алматы полициясы оқушыны пышақпен қорқытқан адамды іздеп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда мектеп оқушысын белгісіз адам пышақпен қорқытқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған осы ақпаратқа қатысты түсінік берді.

«Оқушының анасы кеше құқық қорғау органдарына шағымданған. Оқиға Орбита шағын ауданындағы №60 мектеп гимназиясының қасында таңғы сағат 10:30-да болған», - дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Анасының айтуынша, оқушы қызын белгісіз ер адам пышақ кезеніп мектепке дейін қуып барған.

«Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді. Қазір олар кешенді іздеу шараларын ұйымдастырып жатыр. Қыз бала өзін қуалаған адамның фотороботын шамасы келгенше суреттеп берді. Ал камераның бейнежазбасы хаттамамен іс материалдарына тіркелді. Алынған бейнежазба мұқият тексеріп жатыр», - деп қосты полиция.

Соңғы жаңалықтар