+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Алматы саябағындағы кептерлер неден қырылуы мүмкін: министрліктің жауабы

2020 жылғы 26 наурыз 15:17
Бөлісіңіз:
Алматы саябағындағы кептерлер неден қырылуы мүмкін: министрліктің жауабы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы саябағында қырылған кептерлер уланған болуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар
Аса қажеттілік туындамаса, үйден шықпаңыздар – Алматы әкімі Алматыда 6650 тұрғын 42500 теңге көлемінде мемлекеттік әлеуметтік көмек алды Алматыда 4,7 мыңнан астам аз қамтылған отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кептерлердің жаппай өлімін қала тұрғындары әлеуметтік желіде жариялаған болатын. Оқиға 28 панфиловшылар паркінде болған.

«Бүгін, яғни 26 наурызда Алматыдағы 28 Панфиловшылар паркінде кептерлердің қырылуына байланысты Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің облыстық инспекциясы мен ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау мен қадағалау территориалдық инспекциясы қызметкерлері, қалалық ветеринарлық қызмет, қалалық Кәсіпкерлік пен инвестициялар басқармасы, Зоология және абаттандыру Институты мамандарынан арнайы комиссия құрды», - деді Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында.

Комиссияның жүргізген сараптамасына кептерлер өлген жерде мұның алдында аумағы 100 шаршы метр мұз айдыны болған. Сол жерде барлығы 30 кептер өлген.

«Құстар уланған болуы мүмкін. Комиссия мүшелері кептерлердің денесін зертханалық зерттеу жүргізу үшін алды. Құстардың өліміне не ықпал еткені зерттеулерден соң белгілі болады», - деді С.Ділдахмет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT