Алматы тағы «сары» аймаққа кірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Алматы қаласы тағы «сары» аймаққа кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, 22 желтоқсандағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта Атырау облысы, ал «сары» аймақта Қостанай, Ақмола, СҚО, БҚО, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы тұрған. Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта еді. 23 желтоқсанда «сары» аймақтардың қатарына Алматы қаласы кірді.

Атырау облысы әлі де «қызыл» аймақта тұр. Яғни бүгінгі таңда «сары» аймақта алты өңір мен бір қала, ал «қызыл» аймақта бір облыс бар. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта орналасқан.


Соңғы жаңалықтар