Алматы тауларында әлі де қар көшкіні жүру қаупі бар

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тауларында қар жамылғысы қалың әрі биік. Осыған байланысты Кіші Алматы өзенінінің бассейнінде 19 ақпан күні де қар көшкіні қаупі сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көшкін жүру қаупіне байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыңыздар!»,– делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Бұған дейін, құтқарушылар Алматы тұрғындарына «Шымбұлаққа» бару қауіпті екенін ескертті. Бұл аймақта қазір тау басындағы қарды түсіру жұмыстары жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар