USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматы трагедиясы: Ереуіл кезінде оққа ұшқан БАҚ қызметкерінің отбасына үш бөлмелі пәтер беріледі

2022 жылғы 14 қаңтар 19:55
Бөлісіңіз:
Алматы трагедиясы: Ереуіл кезінде оққа ұшқан БАҚ қызметкерінің отбасына үш бөлмелі пәтер беріледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында террористер шабуылдаған телеарна редакцияларына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы қайта қалпына келтіріліп жатыр - фоторепортаж Жамбылда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 57 күдіктіге қылмыстық іс қозғалды Алматыда жапппай тәртіпсіздіктер кезінде зақымдалған пәтерлер жөнделуде

«Алматы» телеарнасы ұжымымен кездесуде Бақытжан Сағынтаев қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жүргізуші Мұратхан Базарбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Оның отбасына материалдық көмек көрсетіліп, 3 бөлмелі пәтер берілетінін жеткізді.

Сондай-ақ әкім жарақат алған телеоператор Диаскен Байтибаевқа тезірек сауығып кетуін тілеп, жолдастарын эвакуациялауға көмектескен телеоператор Арсен Сандыбаевқа алғысын білдірді.

Оларға материалдық қолдау, сондай-ақ одан әрі оңалтуға көмек көрсетілетін болады.

Бақытжан Сағынтаев телеарнаның барлық қызметкерлеріне тәртіпсіздік кезінде азаматтарды хабардар ету бойынша батылдық пен кәсіби міндеттерді орындағаны үшін алғыс айтты.

Қала әкімі бандалық топтардың қолынан зардап шеккен «Қазақстан», «Хабар», «Мир», «Первый канал Евразия» телеарналары орналасқан ғимараттарды аралап көрді.

Техникалық тексеруден кейін қысқа мерзімде қалпына келтіру басталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT