Алматы тұрғындары 9 қабатты үйдің қисайғанын айтып, дабыл қағып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы «Зерделi» шағын ауданының тұрғындары тұрғын үйдің қисайғанына алаңдаулы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты тексеру үшін мемлекеттік органдар жұмыс тобын құрды.

«10 желтоқсан сағат 21.10-да ТЖД кезекші бөліміне Алатау ауданының тұрғындары шұғыл хабарласқан. «Зерделі» шағын ауданында орналасқан № 1/179 үй, 6-пәтердің иесі үйдің қисайып тұрғанын баяндаған. Осыған байланысты мемлекеттік органдардан арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы оқиға орнына шықты. Тұрғындардың пікірінше, үйдің сыртынан қарағанда қисайғаны байқалады. Қазір мамандар бұл ақпаратты тексеріп жатыр», - деді ТЖД баспасөз қызметінен.

Уәкілетті органдардың өкілдері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар