+7 (701) 759 90 19
USD 376.43 EUR 407.11
RUB 5.76 CNY 53.55
Jańalyqtar

Алматы Жаңа жылға дайындықты бастап кетті

2019 жылғы 8 қараша 19:02
Бөлісіңіз:
Алматы Жаңа жылға дайындықты бастап кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы Жаңа жыл мерекесіне дайындықты бастап кетті. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасының басшысы Ернар Құрмашев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордалық ҚХА қайырымдылық шыршасын өткізді Теміртауда Аяз ата балаларды өрт сөндіру машинасымен келіп құттықтады Ермек Маржықпаев Көкшетаудың басты шыршасының шамын жағу рәсіміне қатысты

«Қазір жаңажылдық безендіруді қолға алдық. Бірыңғай брендбук әзірледік. Бұл - техникалық құжат. Оны безендірумен айналысатын компанияларға таратып береміз. Біз қаланың шалғай аудандарын да сәндейміз», - деді Ернар Құрмашев қоғамдық кеңестің отырысында.

Оның айтуынша, биыл мегополис көшелері арнайы дизайн бойынша әрленеді.

«Мерекелік алаңдарға келетін болсақ, мұнда полиорталықтандыру қарастырылған. 8 алаң болады. Барлығына жасыл шырша орнатамыз. Мерекелік шоу-бағдарламаны да ойластырып қойдық. Ең үлкен шыршаны «Астана» алаңына орнатамыз. Шыршаның шырағын жағу рәсімі 18 желтоқсанға жоспарланған», - дейді Алматы қалалық мәдениет басқармасының бастығы Ернар Құрмашев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Мәдениет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT