+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

«Алматы жастары»  бағдарламасы аясында баспана алуға 18 млрд теңге беріледі

2021 жылғы 26 ақпан 18:40
Бөлісіңіз:
«Алматы жастары»  бағдарламасы аясында баспана алуға 18 млрд теңге беріледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы аясында 1000 пәтер қолданысқа беріледі. Бұған 18 млрд теңге қарастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да жыл басынан бері 25 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді Алматының «Жас қанат» шағынауданында көпқабатты үйлердің құрылысы басталды Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстандық жастар кімдермен кездеседі

Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев «Алматы жастары» бағдарламасы аясында несиелендіру көлемі 18 млрд теңгеге дейін артатынын айтқан болатын. Өңірлік коммуникация қызметінің брифингінде Алматы Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміровке журналистер осы сауалды қойды.

«Үй алады. Биыл жыл басында біз сараптама жүргіздік. Байқағанымыз нарықтағы үй бағасы қымбаттаған. Осыған байланысты «Алматы жастары« бағларламасы аясында жеңілдетілген несие 18 млн теңгеге дейін артатыны туралы шешім қабылдады. Бағдарламаға қатысушылар баспана алу үшін 18 млн теңгені толықтай алуға мүмкіндігі бар», -деді Ермек Әміров. Орынбасардың айтуынша биыл 8000-нан астам адам баспаналы болады. Оның 1000-ы« Алматы жастары» бағдарламасымен алып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, ең төменгі пайызбен берілетін «Алматы жастары 3.0» бағдарламасы 2020 жылы басталған. Оған жасы 35-ке дейінгі қала тұрғындары қатыса алады. Өтініш бере алатын азаматтар санатына: Алматыдағы мемлекеттік қалалық және республикалық мекемеде еңбек ететіндер, дәрігерлер мен мейірбикелер, педагогтар мен тәрбиешілер, әртістер, жазушылар, мәдениет саласының мамандары, жаттықтырушылар мен спортшылар, ЖОО оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер, әлеуметтік сала мамандары: журналистер мен БАҚ қызметкерлері (мемлекеттік және коммерциялық), өндірістік салада еңбек ететіндер кіреді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT