Алматы жедел жәрдем қызметіне тәулігіне 2800 қоңырау түседі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жедел жәрдем бригадалары күніне орта есеппен 2500-2800 қоңырауға қызмет көрсетеді. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жедел жәрдем жұмысында сұраныстың азайғаны байқалады. Шақырту едәуір азайды. Қазір бір бригада күніне 12 шақыртуға шығады. Жалпы жедел жәрдем тәулігіне 2500-2800 қоңырауға қызмет көрсетеді. Қалада 200 бригада бар»,- деп хабарлады басқармадан.

Жедел жәрдем қызметінде тәжірибелі дәрігерлер қызмет етеді. Жүргізушілер құрамы толық.

Айта кетейік, ресми дерекке сәйкес, 17 қазан күні 318 адамнан коронавирус анықталған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 286, симптомсыз – 32 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 16, келіп түскені – 67

Инфекциялық стационарларда 1 368 адам бар. Оның 28-і — бала.


Соңғы жаңалықтар