Алматы жолдарының сапасы тексеріле бастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы мегаполисте жөнделіп жатқан жолдардың сапасын тексереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жолдарды орташа жөндеу жұмыстары басталды. Қала құрылысын бақылау басқармасы әр учаскенің стандарттарға сәйкестігі тексерілетінін мәлім етті.

Бүгін басқарма инспекторлары Алмалы ауданында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірнеше нысанға барды.

«Біздің инспекторлар әр учаскедегі жол жабынының сапасын тексереді. Асфальт зертханалық тексеруден өтіп жатыр. Сонымен қатар, асфальттың құрылыс стандарттарына сәйкестігі арнайы термометрмен тексеріледі. Егер температура режимі сәйкес келмесе – 120 градустан жоғары болса, мұндай материал жарамсыз танылып, қайтарылады», - деп түсіндірді басқармадағылар.

Асфальтбетон жабыны стандарттарға сәйкес келуі керек.

Соңғы жаңалықтар