Алматы: Жылу желісі сынақтан өткізілетін жерлерге көлік қоймау керегі ескертіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтарға жылу желілері сынақтан өткізілетін жерлерге көлік қоймауға кеңес берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4-21 мамыр аралығында таңертеңгі сағат 04:00-ден 7:00-ге дейін Алматының 8 ауданы аумағында жылу желілері сынақтан өткізіледі.

«Қауіпсіздік шараларына қарамастан жердің бетіне су немесе будың шығуы, жол жабынының бұзылуы сияқты штаттан тыс жағдайлар болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда өз бетінше ешқандай әрекет жасамай, оқиға орнынан дереу кетіп, +7 727 378 06 65 телефонына немесе 109-ға хабарласу қажет»,-деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.

Жылу желілерін сынақтан өткізу кестесі (көшелер бойынша) мына жерден танысуға болады.

Аталған аумақтарда тұратын барлық тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды.

Гидравликалық сынақ қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жылу желілерінің жағдайын бағалау және құбырлардың проблемалық учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар