+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Алматы зообағының жануарлары аптап ыстықтан қалай қорғануда

2021 жылғы 10 маусым 18:34
Бөлісіңіз:
Алматы зообағының жануарлары аптап ыстықтан қалай қорғануда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы зообағында Австралиядан Мұзды мұхитқа дейінгі аралықты мекендейтін, әлемнің барлық климаттық зонасынан жиналған жануарлар бар. Олар аптап ыстықтан қалай қорғануда? Оны ҚазАқпарат тілшісі білді.

Ұқсас жаңалықтар
Шалқар көлінің табанын тазарту жұмысы мерзімінен бұрын бітуі мүмкін Елордада Талдыкөл көлін қоқыстан тазарту экологиялық акциясы өтті Павлодар облысында келер жылы суармалы жерлер тағы да 3000 га-ға дейін ұлғаяды

Алматы зообағындағылар атап өткендей, мұнда жануарларға ыстықтан қорғану үшін барлық жағдай жасалған.

«Хайуанаттар бағындағы барлық жануарлардың ыстықтан жасырына алатын үйшіктері мен салқындайтын көлеңке жерлері бар. Осы жерді мекендейтіндерге суда жеткілікті. Суға аса мұқтаж - бегемот, ақ аю, қолтырауындар, тасбақалар, су құстарының өз бассейіндері бар «, - дейді зообақ өкілдері.

Жазда жануарларды көруге айына 100 мыңнан астам адам келеді.

Алайда, жануарлар, әдетте, ыстықта аз қозғалып көп ұйықтайды.

«Алматы зообағы - Қазақстандағы ең көне зообақ. Ол 1937 жылы құрылды. Бүгінгі таңда онда 273 маман жұмыс істейді. Оның ішінде 141 адам жануарларға қамқорлық жасайды. Жануарлардың 380-ден астам түрі бар. Оның 79-ы Қызыл кітапқа енген. Жануарлар 7 экспозициялық бөлімде орналасқан. Алматы хайуанаттар бағының коллекциясы - бұл Орталық Азиядағы ең ауқымды коллекциялардың бірі»,- деп түсінідірді зообақтағылар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT