USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда 15 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын алды

2021 жылғы 3 желтоқсан 11:21
Бөлісіңіз:
Алматыда 15 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3 342 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда үш қабатты ғимараттан өрт шықты Алматыда «Safari Mebel» компаниясы қала тұрғындарын 15 млн теңгеге алдап кеткен Атырауда Ashyq қосымшасымен «қызыл» мәртебесі бар 61 адам анықталды

«2 желтоқсан күні 3 342 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1851, II компонентін – 1491 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 2 желтоқсан аралығында қалада 1 026 379 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 982 880 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 122 408 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 15336 адам салдырды. Оның ішінде 925 жүкті әйел, 3218 бала емізетін ана және 11 193 жасөспірім бар.

Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 756 адамнан тұратын 201 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT