Алматыда 2 мыңнан астам бағыт бойынша патруль жүргізіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда тұрғын үй аулаларындағы тәртіпті қаладағы патруль қызметкерлерінің тең жартысы қадағалайтын болады. Бұл туралы брифинг барысында қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Алматы полициясы жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Патрульдік полиция полкі құрамының 50% қаланың көшелері мен аулаларына бағыттау туралы шешім қабылдады.

«102 патрульдік аймақ анықталды. Қалада жалпы 2020 патрульдік бағыт жасалған, олардың 478-іне шолғындау автокөлікпен, 1487-іне жаяу жүргізіледі. 550 бағыт бойынша екі ауысымда 2 мыңнан астам полиция қызметкері күн сайын қоғамдық тәртіпті күзетеді. Жаяу патрульдеу енгізілген сәттен бастап аталған аймақтарда қылмыстарды тіркеу 16,5% азайды», - деді Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар ол тәртіпті сақтауға 1 қоғамдық құрылым мен әртүрлі ұйымдардың 7 командасы қатысатынын атап өтті. Олардың көмегімен 39 қылмыс ашылып, 4 214 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.


Соңғы жаңалықтар