Алматыда 283 көше жөнделіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Абжахан онлайн-брифингте жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы «Жаңа Алматы» бағдарламасы аясында Алатау ауданында жалпы ұзындығы 47,4 шақырымды құрайтын 177 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде бүгінгі күні 112 көше бойынша ұзындығы 18,6 шақырым жаңа жолдың құрылысы аяқталды. Жылдың соңына дейін қалған 65 көше пайдалануға беріледі.

«Сонымен қатар, ұзындығы 200 шақырымды құрайтын 283 көшеге орташа жөндеу жүргізу және ұзындығы 30 шақырым тротуарлар салу жоспарланған. Қаланың көше-жол желісіндегі жолды жөндеуде 300 мың шаршы метр асфальт-бетон жабындысын жөндеу жоспарланған. Бүгінгі күні ұзындығы 62,6 шақырымды құрайтын 91 көше орташа жөнделді. Одан бөлек, 151 мың шаршы метр көлемінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы 19,2 шақырым тротуарлар салынды», – дейді Ернұр Абжахан.

Сондай-ақ, биыл 3 көлік жолайырығының құрылысы жалғасуда: Рысқұлов даңғылы - Емцов көшесі, Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі, Бұқтырма көшесі – Құлжа күре жолының қиылысы. Сондай-ақ, Абай даңғылы мен Сайын көшелерін ұзарту жұмыстары жүріп жатыр.

Жолдар инфрақұрылымы және көше-жол желісі объектілерінде 21 мердігерлік ұйым жұмылдырылған, соның ішінде 4100 жұмысшы және 1007 техника бірлігі тартылған.



Соңғы жаңалықтар