Алматыда 3 мыңға жуық тұрғын QazVac вакцинасын салдырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3053 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, 11 мамыр күні 3 053 алматылық вакцина салдырды.

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 12 мамыр аралығында қалада барлығы 302 985 адамға екпе салынды.

Вакцина егілгендер арасында 60 жастан асқан қарт кісілердің үлесі - 30 382.

«Жалпы дозадан қазақстандық QazVac вакцинасы 3 000 данасын құрайды, яғни, 17 күннің ішінде 2 990 адам вакцина алды. 3 мамыр күні қытайдың Sinopharm вакцинасы 15 000 дозасы жеткізілді, оның бірінші компоненті бойынша 1 514 адамға вакцина егілді» - деп атап өтті басқармадан.

Бүгінгі күні қалада 214 пункт жұмыс істеп тұр. 1 282 адамнан тұратын 315 егу бригадасы бар.

Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.


Соңғы жаңалықтар