Алматыда 300 мыңнан астам зейнеткер «Белсенді ұзақ өмір» орталығына барады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі әлеуметтік жобаларды іске асыру аясында «Белсенді ұзақ өмір» жол картасы бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орталықтың мақсаты аға ұрпақты белсенді зияткерлік, шығармашылық, қоғамдық қызметке тарту. Белсенді өмір сүру ұзақтығын арттыру және қарт адамдардың қоғамдық өмірдегі рөлін жақсарту. Сол бойыша түрлі іс-шаралар өткізу.
Қазіргі уақытта Алматыда «Белсенді ұзақ өмір» 9 орталығы (БҰӨО) жұмыс істейді, 21 мыңнан астам адам тіркелген, 300,7 мың адам қызметтермен қамтылған.
2020 жылы Төтенше жағдай жариялануына байланысты орталық қашықтан қызмет көрсетуге ауысты. Гериатордың, психологтың, медбикенің кеңестері онлайн немесе телефон арқылы жүргізілді. Скандинавиялық жүріс, оқыту курстары, шахмат, би және т.б. бойынша сабақтар онлайн жүрді. Барлығы 4 706 зейнеткер онлайн қызмет алды. Қарттар күні мен айлығына арналған іс-шараларға 1,5 мың адам қатысты. Сонымен қатар, 200 зейнеткер үшін экскурсиялар өткізілді.
Бұдан басқа, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы жобасын іске асыру басталды. Мақсаты – кіші мектеп жасындағы балаларға өмірлік тәжірибе, білім мен дағдыларды беру арқылы қиын өмірлік жағдайға тап болған аға буын өкілдерін қоғамдық өмірге тарту.
Клубтың өкілдері зейнеткерлер, еңбекке қабілетті мүгедек адамдар, аз қамтылған көпбалалы отбасылардан шыққан 1-4 сынып балалары, ерекше қажеттіліктері бар балалар болды. Онлайн режимінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 510 бала клубтармен қамтылды. Оффлайн режимінде 390 бала оқиды. Зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдардан 72 педагог жұмысқа орналастырылды.
Алматыда іске асырылып жатқан әлеуметтік жобалар арасында – «Тәуелсіз өмір мектебі» бар. Онда өз мүмкіндіктерін білмеу немесе отбасы тарапынан гипер-қамқорлық салдарынан қоғамнан оқшау тұратын мүгедек адамдарға қолдау көрсетіледі. Мүгедектікке байланысты қорқыныш пен белгісіздікті жеңу, өзін-өзі бағала білу және мақсат қою дағдыларын қалыптастыру және өз өмірін жоспарлау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 48 мүгедек адам жаттықтырушылардың қатысуымен «Ақ Бастау» сауықтыру пансионатына барып, тұру арқылы 7 күндік курстарда оқыды. Сондай-ақ, 172 адамды қамти отырып, «TenQogam» мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру орталығы жобасы іске асырылуда.
- Алматыда жанармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды
- Алматыда жүк көлігі құрғақ субұрқақты қиратып кетті
- Әлеуметтік проблемаларды шешуге мүдделі адамдар саны артты - Эмин Аскеров
- Қазақстанда отбасыларды әлеуметтік қолдау: 2021 жылға қаржыландыру көлемі артты
-
Баспана мәселесі: Алматы қаласы бойынша өзекті сұрақтардың жауабы
-
Алматыда республикалық «Қайырымдылық керуені ІІІ» байқауының жеңімпаздары марапатталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам