Алматыда 5,6 мыңнан астам адам уақытша жұмысқа орналастырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 5600-ден астам адам уақытша жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұндай мәліметтер Алматы қаласы мәслихатының сайтында аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетудің «ISKER ANA» аймақтық бағдарламасын бекіту туралы шешімінде айтылған.

Құжатта көрсетілгендей, биыл 5,6 мыңнан астам адам уақытша жұмысқа орналасты. Оның ішінде көпбалалы отбасынан шыққан 702 адам - қоғамдық жұмысқа, 401 адам - әлеуметтік жұмыс орындарына, 618 адам - жастар практикасына жіберілді.

Сонымен қатар, жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін «ISKER ANA» бағдарламасы іске қосылды.

Бағдарламаның миссиясы - жұмыссыздықты азайту, аз қамтамасыз етілген аналардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға жәрдемдесу. Мақсаты – әлеуметтік жағынан аз қамтылған аналарға бизнес-тренерлер ұйымдастыру, кәсіпкерлік негіздерін оқыту және маркетингті қалай жасау керектігін үйрету. Сонымен қатар, бағдарламаның басты міндеті - аналарға өз кәсібін ашуға көмектесу.

Оқыту үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік тапсырысы бойынша нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар