Алматыда 5 дәріханада баға заңсыз көтерілген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 5 дәріхана ұйымында дәрі құны заңсыз көтерілген. Бұл туралы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Алматы бойынша ТЖ жағдайында әлеуметтік маңызы жоғары 103 дәрілік заттың атауы тізімделген.

«Бұл дәрілердің бағасын көтермеу жайлы қалалық әкімдік пен Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, Фармацевтикалық қызметті қолдау мен дамыту қауымдастығының арасында меморандумға қол қойылған. Алматы әкімдігі мен департамент қызметкерлері қаланың 8 ауданында күнделікті бағаларға мониторинг жүргізеді», - деп атап өтті Департамент басшысы.

Тексеру нәтижесінде 135 дәріхана ұйымы ішінде 5 дәріханада дәрі бағасын негізсіз көтерілгені анықталды.

«5 дәріханада дәрі бағасы негізсіз қымбаттаған. Бұл меморандум мен бірқатар заңнаманы бұзу болып табылады. Дәріхана ұйымы басшысына хаттама толтырылып, әкімшілік сотқа жолданды. Оларға 97 мың мен 235 мың теңге аралығында айыппұл қарастырылған», - деді Айзат Молдақасымова.


Соңғы жаңалықтар