Алматыда 88 жеке сот орындаушысы әкімшілік жазаға тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда аудандық прокуратура өкілдері сот актілерін орындау кезіндегі көптеген заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тексеру нәтижесінде 88 жеке сот орындаушысы әкімшілік жазаға тартылды.

«Сот орындаушылары борышкерлердің мүлкіне тыйым салмаған. Олардың Республикадан тыс жерлерге шығуына шектеу қоймаған. Тұрақты табысы мен заңды тұлғалардың үлесі болған жағдайда берешек өндірілмеген. Мысалы, М.Әуезов ауданында сот орындаушысының салғырттығынан борышкер бір жыл ішінде салықтарды төлемей, шекарадан кедергісіз өтіп, шетелде демалып келген», - деді прокуратураның баспасөз қызметінен.

Алатау, Алмалы, Жетісу, Наурызбай және Түрксіб аудандарының прокуратуралары жеке сот орындаушыларының қызметінде осындай заңбұзушылықтарды анықтады.

Қадағалау актілері бойынша 88 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Нәтижесінде мемлекетке 19 млрд теңгеден аса шығын келтірілді. Қазір барлығы 3,3 млрд теңге өндірілді.

Айта кетерлігі, прокуратура берешектің, оның ішінде алимент пен жалақының барлық түрлерін өндіріп алуға басты назар аударады.

Соңғы жаңалықтар