Алматыда «Абайға оралу» атты онлайн концерт өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Ular» этно-фьюжн ансамблі «Абайға оралу» онлайн концертін ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

10 тамыз – Абай күніне орайластырылып ұйымдастырылған шарада өнерпаздар ұлы ақын һәм ойшылдың көпшілікке танымал, шоқтығы биік музыкалық шығармаларын орындады. Олардың қатарында Абайдың «Көзімнің қарасы...», «Айттым сәлем, Қаламқас» сынды әндері мен «Желдірме», «Торжорға» сияқты күйлері бар», – деді оқу орнының баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асан.

Онлайн концертте орындалған туындылар Қыздар университетінің әлеуметтік желідегі ресми парақшалары арқылы көпшілік назарына ұсынылды.

Айта кетейік, «Ular» этно-фьюжн ансамблі 1987 жылы құрылған. 30 жылдан астам уақыт бойы қазақ музыкалық шығармашылық өнерін жаңғыртуға үлес қосып келе жатқан бұл өнер ұжымы сондай-ақ ұлттың ұмыт бола бастаған көптеген музыкалық аспаптарын қайта жандандырды.

Өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленген ансамбль Қытай, Моңғолия, Түркия, Ресей, Өзбекстан және тағы да басқа алыс-жақын шет елдерге гастрольдік сапарлар жасап, қазақ өнерін насихаттауға зор септігін тигізді.


Соңғы жаңалықтар