Алматыда Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған онлайн концерт өтуде

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда халық музыкалық аспаптар музейінде академик, өнертану ғылымының докторы, профессор, дирижер Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына орай онлайн концерт өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің әлеуметік желілерінде онлайн форматта өтіп жатыр.

Бағдарламада музей қорында сақталған Ахмет Жұбановтың домбырасы туралы тақырыптық дәріс бар.

Ғалымның түпнұсқа домбырасында күйші Әсел Алина «Би» күйін орындап берді.

Айта кетейік, бүгін халық мұрасының жанашыры, композитор Ахмет Жұбановтың туғанына 115 жыл.

Қазақтың тұңғыш кәсіби музыканты, музыка зерттеушісі, ұлағатты ұстаз, белгілі дирижер, кәсіби композитор, Қазақстан Ғылым академиясының өнер саласындағы академигі, Қазақстанның халық әртісі Ахмет Қуанұлы Жұбанов өнер көгіндегі жарық жұлдыздардың бірі.

Қазақ өнеріне өзіндік үлес қосып, өнеріміз бен мәдениетіміздің өркендеуіне күш-жігер жұмсаған халқымыздың біртуар дарынды ұлы - Ахмет Қуанұлы Жұбановтың өнегелі де өміршең еңбегі ғасырлар қойнауында үлкен қазына болып сақталатын баға жетпес құнды дүние.


Соңғы жаңалықтар