+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Алматыда алдағы 5 жылда қандай жұмыстар атқарылады

2021 жылғы 18 ақпан 15:15
Бөлісіңіз:
Алматыда алдағы 5 жылда қандай жұмыстар атқарылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының фракция отырысында меаполистің «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір», атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жол картасы ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Германиялық компания Жамбыл облысында құны 810 млрд теңге болатын комбинат салып жатыр Елорда: Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысы қалай жүріп жатыр Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет жол белгілеріне сары түс қолданылды

Жол картасының жобасы депутаттық фракция мүшелерімен бірауыздан келісілді.

Алматының жол картасы мегаполисті дамытудың он екі драйверіне негізделген 180 пункттен тұрады. Жобада жол картасын жүзеге асырудың әр жылға бағытталған нақты көрсеткіштері, сондай-ақ жауапты депутаттар мен мемлекеттік органдар бекітілген.

«Аталған бағдарламаны жасай отырып, біз қоғамның барлық топтарының мүдделерін ескердік. Ол «Еңбек», «Бизнестің жол картасы–2025», «7-20-25», «Бақытты отбасы», «Іскер ана» мемлекеттік бағдарламаларымен тығыз байланысты.Мысалы, Алматыда 5 жыл ішінде 15 мемлекеттік мектеп пен 25 жапсарлас құрылыс, сондай-ақ 15 мемлекеттік және 324 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемесі салынады. Бұл балалардың 99%-ын мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуға мүмкіндік беріп, оқушы орындарының тапшылығын айтарлықтай төмендетеді», - деді Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиев.

Өз кезегінде, қалалық филиал мемлекеттік саясатта аса маңызды саналатын медицина саласын одан әрі дамыту бойынша шаралар қабылдайды. Бұл ретте, 7 медициналық ұйым мен 12 дәрігерлік амбулатория, оның ішінде 200 төсектік көпбейінді аурухана, 300 төсектік көпбейінді университеттік клиника салу жоспарлануда. Ал 2024 жылы 1400 төсеке арналған біріккен университеттік аурухана салынады.

350 шақырым автомобиль жолдарын салу және 30 шақырым газбен жабдықтау жоспарлада. Сондай-ақ, мегаполистің жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы барлық жолдарының үлесі 95%-ға дейін жеткізіледі. Бұдан басқа, жол картасы 378 шақырым сумен жабдықтауды, 281 км кәріз желілерін салуды және реконструкциялауды көздейді.

Бүгінгі күні өзекті саналатын тұрғын үй мәселелері партияның Жол картасында да көрініс тапты.

«5 жыл ішінде 16,5 мың мұқтаж отбасы өз пәтерлерін алады, ал қала бойынша бір адамға тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі 30 шаршы метрге дейін жеткізіледі деп жоспарлануда, Бұдан бөлек, жыл сайын «Алматы Жастары 3.0» бағдарламасы бойынша 1000 жас отбасы баспаналы болады», - деп түйіндеді Алматы қаласының мәслихатындағы Nur Otan партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Ләззат Ибрагимова.

Бұдан бөлек, жеке инвестицияларды тарту бойынша жұмыс жандандырылады. Аталған мақсатта 114 ірі инвестициялық жоба іске асырылады, ал қала экономикасында 5 жыл ішінде 243,8 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда. Сонымен қатар, қаланы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүруі үшін барынша ыңғайлы ету міндеті қойылып отыр. Мәселен, мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің үлесі 100%-ды құрайтын болады.

Алматы Жол картасының әрбір тармағы бойынша партия бағдарламасының іске асырылу барысын бақылау үшін депутаттық фракция мүшелері бекітілді.

Жиын барысында, «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев фракция депутаттары партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін жұмсау қажеттігін атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT