+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Алматыда «Әлем барысы» басталды

2019 жылғы 2 желтоқсан 13:06
Бөлісіңіз:
Алматыда «Әлем барысы» басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Балуан Шолақ» спорт сарайында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған Қазақ күресінен абсолюттік «Әлем барысы» әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда өтетін «Әлем барысы» чемпионатының жүлде қоры 20 млн теңгені құрайды Тараздағы халықаралық турнирде балуандарымыз 17 медаль олжалады Қазақ күресінен Конфедерация кубогіне жолдама алған командалар анықталды

Qazaqstan телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіліп жатқан чемпионаттың дәл қазіргі уақытта жеребе тарту рәсімі өтіп жатыр. Төртінші рет өтетін бәсекеге 30 елден 33 балуан қатысады. «Әлем барысы» атануға АҚШ, Аустралия, Әзербайжан, Бразилия, Грекия, Грузия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Камерун, Конго, Корея, Куба, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Нидерланды, Пәкістан, Польша, Ресей, Словения,Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Эстония, Япония секілді елдердің және Қазақстанның атақты балуандары келген.


Бұл сында еліміздің намысын А.Нұғымаров (ШҚО), Р.Әбдіразақов (Алматы қаласы), М.Исағабылов (Қызылорда облысы), Н.Жарылғапов (Маңғыстау облысы) сынды балуандар қорғайды.


Чемпионат Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын дамыту, шет елдерде қазақ күресін дамыту барысындағы ынтымақтастық пен өзара байланысын нығайту, қазақ күресін халықаралық деңгейде одан әрі жетілдіру, насихаттау және беделін көтеру, қазақ күресінен «Әлем барысын» анықтау үшін өткізіледі.





«Әлем барысы» чемпионатының биылғы жүлде қоры 20 миллион теңге. Жеңімпаз атанған балуанға 10 млн теңге және алтын белбеу, екінші орын иегеріне 6 млн теңге және үшінші орын иегеріне 3 млн теңге, сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталады. Ал, «Жеңіске деген жігері үшін» атанған спортшыға 1 млн теңге беріледі. Сондай-ақ, жылдағы дәстүрге сай жанкүйерлер арасында автокөлік ойнатылады.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT