Алматыда Әлібек Дінішевтің мерейтойлық концерті өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Әлібек Дінішевтің 70 жылдық мерейтойына арналған жеке концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Концерт Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының залында өтті.
Концерттік бағдарламаға Александр Беляковтың жетекшілігімен Алматы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі қатысты.


Концерт барысында қазақ, орыс халық әндері, сондай-ақ, әлемдік классикалық шығармалар орындалды. Сонымен бірге, мерейтой иесі жаңа туындыларын да орындады.
Әншісінің бұл концерті 22 қазанда Нұр-Сұлтандағы «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында және қараша айында Мәскеу қаласында өткізу жоспарланған.
Әлібек Мұсаұлы Дінішев - КСРО Халық әртісі және Қазақ КСР-і мен Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты.


Соңғы жаңалықтар