USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыда әр 20 минут сайын қар күреу жұмыстары жүргізіледі

2021 жылғы 25 қараша 16:12
Бөлісіңіз:
Алматыда әр 20 минут сайын қар күреу жұмыстары жүргізіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихаты барысында қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов мегаполис көшелерін қардан тазалау технологиясы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ДСМ темекі жарнамасын бақылауға алмақшы «Дені сау ұлт»: 2025 жылға дейін елімізде 19 «ерте араласу» орталығы салынады «Елорда көршілері» тұрғын үйді басқару және дамыту бағдарламасы іске қосылды

Оның айтуынша, көшелерді тазалау жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Алматы қаласының аудандық әкімдіктері.Олар конкурстық негізде көше-жол желісін күтіп ұстау жөніндегі мердігерлерді айқындайды.

«Әрбір көшеге бюджет қаражатын бөлу оның санатына сәйкес жүру бөлігінің, тротуардың, жол жиегінің еніне, бөлу жолағының, арық желісінің болуына, қоғамдық көлік аялдамаларының санына байланысты жүргізіледі», - деді ол.

Спикердің сөзінше, көшелерді қысқы тазалау бойынша жұмыстарды жүргізу технологиясына сәйкес жолдардың жүру бөлігін көктайғаққа қарсы материалдармен себу қар жауа бастағаннан кейін 20-40 минут өткен соң жүзеге асырылады, өйткені көктайғаққа қарсы материалдың сіңуі үшін жеткілікті қар қалыңдығы қажет»,- дейді Алматы әкімінің орынбасары.

Қарды сыпыру аудан әкімдіктері бекіткен кесте бойынша, бірінші кезекте негізгі көшелерден асфальтқа жабыспайтын борпылдақ қар массасы пайда болғаннан кейін жүргізіледі.

Көктайғаққа қарсы себу әрбір 5 см жаңадан жауған қардан кейін жүргізіледі, содан кейін қайтадан қар күрейді, содан кейін ол шығарылады.

Аталған технология сақталмаған жағдайда көшелерде мұз пайда болады.

«Сондықтан, көктайғақтың пайда болуына жол бермеу мақсатында қардың көктайғаққа қарсы материалармен араласуын және асфальтқа жабыспайтын және асфальтқа жабыспайтын, жол жиегінен оңай алынатын жұмсақ қар массасының пайда болуын күту қажет», - деп түсіндірді Серік Құсайынов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT