Алматыда арнайы жасақ сарбаздары жас жігітті неге ұстады - Полиция түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы арнайы жасақ қызметкерлерінің ер адамды ұстаған видеосына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видео Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында жарияланған.

Онда көлік жүргізушісі өзін тоқтатуға ұмтылған полицейді қағып кетеді. Сосын арнайы жасақ сарбаздарының оны ұстаған сәті көрсетіледі.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Наурызбай ауданында фильм түсіріліп жатыр, бұл - сондағы көріністер.


Соңғы жаңалықтар