Алматыда Ashyq жобасына қосылған кафе-дәмханалардың жұмыс уақыты өзгерді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Ashyq жобасына қосылған қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты өзгерді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінгі күні қалада 665 шағын орта бизнес нысаны Ashyq пилоттық жобасына қосылған.

«6 мамырдағы жағдай бойынша Алматы қаласында 655 қатысушы бар. Фитнес-клубтар және спорттық-сауықтыру кешендері – 125, спа-орталықтары – 40, бассейндер – 23, боулинг орталықтары – 5, бильярд клубтары – 11, компьютерлік клубтар – 50, сауналар мен моншалар – 106, қоғамдық тамақтану нысандары – 266, кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары – 266», - деді Айтуар Қошмамбетов.

Ashyq жобасының арқасында жұмыс күндері 200, ал демалыс күндері КВИ жұқтырған 900-ге жуық адам анықталды.

«Жұмыс уақытындағы адам санының аз-көптігіне байланысты алгоритм қайта қаралды. Бірқатар жеңілдік бар. Спорт кешендері, йога орталықтары үшін уақыт шектеусіз. Концерт залдарының сыйымдылығы 50 пайызға дейін артты.Таңертеңгі 07.00-ден түнгі 02.00-ге дейін кафе мен караоке жұмысына рұқсат етіледі. Залда 30 адамға дейін және банкет залдарында 50 адамға дейін рұқсат етілді», - деді спикер.

Сонымен қатар, ол 5 мамырдан бастап банкет залдары мен караоке-клубтар «Ashyq» жобасы арқылы жұмыс бастағанын тілге тиек етті.

Еске сала кетейік, Ashyq - келушілерді қоғамдық орында тіркеуге арналған қосымша.

Мемлекеттік және қоғамдық орындарға кірер алдында қолданушы арнайы QR кодын сканерлеп, кіреберісте әкімшіге ұсынады. Код келушінің мәртебесін анықтайды.


Соңғы жаңалықтар