Алматыда әскери оркестр музыканттары сауда орталығында концерт өткізді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әскери оркестр Отан қорғаушылар күніне орай сауда орталығында концерт берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оркестрі өздерінің кәсіби мерекесі - Отан қорғаушылар күні қаладағы сауда және ойын-сауық кешендерінің бірінде мегаполис тұрғындары мен қонақтарына арнап мерекелік концерт ұйымдастырды.

Әскери музыканттар патриоттық әндер мен ұлттық музыкалық шығармаларды нақышына келтіріп орындады.

Атап айтар болсақ, «Айттым Сәлем Қаламқас», «Қызылымда Ауылым, «Жан досым», «Отан», «Катюша», «Жеңіс күні» және тағы басқа әндер.

Көрермендер жанды дауыста шырқалған әнге би билеп, көңіл көтеріп ұзақ қол соғып құрмет көрсетті.


Соңғы жаңалықтар