Алматыда аудандық пробация қызметінің инспекторы ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда аудандық пробация қызметінің маманы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық қылмыстық-атқару қызметі департаментінің өзіндік қауіпсіздік тобымен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдікке ілінген Түрксіб аудандық пробация қызметінің инспекторын әшкереледі.

«Ол лауазымды тұлға бола тұра шартты мерзімге сотталған адамға Алматы қаласынан тыс жерлерге шығуға рұқсат беру үшін 100 000 теңге сомасында алаяқтық жолмен ақша қаражатын иемденуге оқталғаны үшін күдікке ілікті. 18 ақпанда күдікті ұсталып, Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамалды» делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.


Соңғы жаңалықтар