Алматыда аудандық соттың экс-төрағасы бас бостандығынан айырылды

None
None

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының экс- төрағасы Алтынбек Баянов пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот Алтынбек Баяновты ҚРҚК 366-бабы 2-бөлігі (пара алу) бойынша кінәлі деп танып, оны төрт жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады»,- деп хабарлады соттан.

Екінші айыпталушы – Зұлпыхар Сейітов пара алуға көмек көрсеткені үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар