Алматыда аудандық соттың судьясы пара алу күдігімен ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы Бостандық ауданы сотының судьясы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлық дерегінің жолын ҚР Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі мен Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі бірігіп кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Судья сенімді тұлғалар арқылы 3 мың АҚШ доллары көлемінде параны қайтарып жатқан жерінен әшкереленді. Бұл параны ол азаматтық істің шешімін кейінге қалдырғаны үшін алған. 9 қарашада күдікті судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жалғастыру туралы ҚР Бас прокурорының келісімі рәсімделді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мекемеде.

Соңғы жаңалықтар