Алматыда әуежайға баратын жол жабылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда әуежайға баратын жол жарты жылға жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, ол Бұқтырма көшесінің Құлжа тасжолы қиылысындағы жол айрығының салынуына байланысты жабылады.

«2020 жылдың 25 қазаннан бастап 2021 жылдың 1 маусымына дейін Бұқтырма көшесіндегі айналма жолдан әуежайға баратын жол жабылады. Қозғалыс Рысқұлов даңғылы, Шемякин және Майлин көшелерімен жүргізіледі», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар