Алматыда ауқымды жер сілкінісінің қаупі қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжілістегі азаматтық қорғау жүйесіне қатысты Үкімет сағатында депутат Дүйсенбай Тұрғанов елдегі сейсмикалық қауіпсіздік мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сарапшылардың бағалауы бойынша Алматыдағы жойқын жер сілкінісі жағдайында ғимараттардың 60 пайызға дейінгі көлемі бұзылуы мүмкін, келтірілетін тікелей шығын 200 млрд теңгеге жетуі ықтимал. Қанша ғимарат пен құрылыс нысандары паспорттаумен қамтылған? Сейсмикалық жағдайдың жаңа карталарын ескере отырып, құрылыс нормалары әзірленді ме? Бұл карталар жария түрде қашан шығарылады», - деп сұрады Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов.

Өз кезегінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин аталған тәуекелдер шынымен де бар екенін мойындады.

«Алматыда ірі ауқымдағы жер сілкінісінің қаупі бар. Оның салдарынан тұрғындардың көбісіне қатер төнуі мүмкін. Бұл ретте өміріне қауіп төнетіндер мен жарақат алатындардың санына қатысты сарапшылар әртүрлі мәліметтерді айтып отыр. Себебі бағалау жүргізудің түрлі әдістері бар», - деді министр.

Оның айтуынша, сейсмикаға төзімділік бойынша бағдарлама қаржыландырудың болмауынан тиісті деңгейде жүзеге асырылмады.

«Қаражаттың тапшылығынан көптеген бағдарлама қысқартылды. Бізде пандемия қаражаттың елеулі көлемін шектеді, оның ішінде төтенше жағдайдың алдын алуға қатысты. Әкімдік тарапынан қаражат бөлінді. Алматыдағы барлық нысандардың паспорттауы жүргізілді. Деректер базасы сәулет және құрылыс бақылау департаментінде тұр және жобаны ары қарай іске асыруда пайдаланылып келеді», - деді ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар