Алматыда «Аула аумағын көгалдандыру - 2021» байқауы өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында көгалдандыру байқауының қалай өткені туралы Жасыл экономика басқармасының басшысы Әли Райымбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аула аумағын көгалдандыру - 2021» байқауы Қала күніне орайластырылған. Қатысқысы келгендер өте көп болды. Барлығы 324 өтініш келіп түсті, оның 84-іне комиссия мүшелері дауыс берді. Әр ауланы Қоғамдық кеңес мүшелерінен, ландшафтық сәулетшілерден, қоғамдық ұйымдар басшыларынан тұратын қазылар алқасы қарады. 1-3 орын иегерлері электронды дауыс беру арқылы анықталды»,- деді спикер.

Оның айтуынша, ауланың көгалдандырылуы экологиялық қана емес, әлеуметтік сипатқа да ие. Қала тұрғындарының идеялары соншалықты әдемі және ерекше болып шықты, жеңімпаздарды таңдау оңай болған жоқ. Тұрғындар өз аулаңызды қалай жақсы және әдемі етуге болатынын жақсы үлгіде көрсетті. Байқауға ұсынылған әр аула шын мәнінде ерекше болды. Бүгінде тұрғындар қызықты композициялар жасайды, экологиялық таза материалдарды пайдаланады, тіпті, аулаларында кішкентай Швейцария құрды десе де болады.

Байқау тамыз айының соңында жарияланды, өтінімдерді қабылдау 3 қыркүйекте басталды. Қоғамдық дауыс беру қорытындысы бойынша жүлде қоры 24 жеңімпаздың арасында ойнатылды: Гран-при: тауарлық –материалдарды, ауланы абаттандыруға арналған өсімдіктерді сатып алуға 5 миллион теңгеге сертификат; 8 ауданда 1 орын үшін - 1 миллион теңге; 8 ауданда 2 орын үшін - әрқайсысы 500 мың теңге; 8 ауданда 3 орын - бақша құралдары берілетін болды.

Комиссия мүшелерінің дауыс беруі кезінде жеңімпаз анықталды. Ол Түрксіб ауданындағы Монтажная көшесі, 15 мекенжайдағы ауланы ұсынушы Яна Чистилина болды.

«TAL» архитектуралық бюросының жетекшісі Назерке Мундаханова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сөйлеген сөзінде әр аулада жақсы күтілген ағаштар мен бұталар көп болғанын, тұрғындардың олардың дизайнына шығармашылықпен қарағанын айтты.

«Біз жасыл желектің жалпы жағдайын ғана емес, сонымен қатар оларды түптеу және суару жұмыстарына да назар аудардық. Мысалы, аулалардың бірінде тұрғындар өздерінің үйінде суару жүйесін ойлап тапты», - деді Н. Мундаханова.



Соңғы жаңалықтар