Алматыда автобус апатынан 58 жастағы әйел мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 27 ақпан күні Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысында автобус қағып кеткен әйелдердің бірі қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен сенбі күні жаяу жүргіншілер жолында қоғамдық көлік қағып кеткен 1963 жылы туған әйел түнде қайтыс болды» деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 27 ақпан күні кешкі сағат 20:00 шамасында Сейфуллин даңғылы мен Мақатаев көшесінің қиылысында «Mega Park» сауда ойын-сауық орталығының жанында автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысқан болатын.

Жол-көлік апатынан бес адам зардап шекті.

Үшеуі жедел медициналық жәрдем ауруханасына, біреуі орталық қалалық клиникалық ауруханаға, тағы біреуі көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланған.

Алдын ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі кенеттен өзін нашар сезініп, соның салдарынан рөлге ие бола алмай қалған.


Соңғы жаңалықтар