Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты, зардап шеккендер бар

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты, зардап шеккендер бар, бар деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Апаттың видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 12:30 шамасында болған.

Yutong маркалы автобусының жүргізуші К. есімді азамат Абай даңғылымен автобус жолағымен шығысқа қарай жүріп бара жатып, солға қарай бұрылғанда сол бағытта келе жатқан Kia Cerato автокөлігімен соқтығысқан.

Соққыдан ары қарай автобус инерциямен тоқтап тұрған Yong Man троллейбусына соғылды.

Жол апатынан троллейбустың екі жолаушысы жарақат алды.

«Олар дене жарақатымен №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Материал Бостандық аудандық полиция басқармасына жіберілді», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің анықтама басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Айта кетейік, 27 сәуір күні Алматыда № 74 бағыттағы «Лиаз» маркалы автобусының жүргізуші Бекмаханов көшесімен батыс бағытта келе жатып темір жол өткелінде тепловозбен соқтығысқан болатын.


Соңғы жаңалықтар