Алматыда әйел кішкентай баланы көлік жүретін жолға қалдырып кеткен

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әйел кішкентай баланы көлік жүретін жолға тастап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Бейнежазбадан беймәлім әйелдің баланы көшеге шығарып, көлік жүретін жолға қалдырып кеткенін көруге болады.

Мұны байқаған бейтаныс ер адам баланы орнынан тұрғызып, жолдан алып кетеді.

Алматы қалалық полиция департаменті аталмыш оқиғаға қатысты түсінік берді.

«Қазір Наурызбай аудандық полиция басқармасы аталған факті бойынша тексеру жүргізіп жатыр, оның нәтижесі бойынша мән-жай анықталып, ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады», - деп хабарлады полициядан.



Соңғы жаңалықтар