Алматыда Бақытжан Сағынтаевтың есепті кездесуі басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Бақытжан Сағынтаевтың халықпен есепті кездесуі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиын 3200 орындық Нalyk Arena кешенінде өтіп жатыр.

Қала басшысы 2019 жылды қорытындылап, 2020 жылға межелі міндеттерді айқындамақ.

Кездесуге дейін аудан басшылары, әкімнің орынбасарлары, басқарма және департамент басшылары азаматтарды қабылдады. Есепті кездесуден соң да мұндай кездесулер жалғасын таба бермек.

Алматы қаласының 2019 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қарқынды динамика арнайы видеороликте көрсетілді.

9 айда ЖІӨ 4,8%-ке артты. 2019 жылы 47 мың жұмыс орны ашылды. Жалпы құны 96 млрд теңге болатын 88 жаңа бизнес орны ашылды. Өнеркәсіп 4,5%-ға, баспана беру - 4,8%-ға, құрылыс - 3,4%-ға, бөлшек сауда 12,1%-ға артқан.

Қалада былтыр 500 шақырым инженерлік желі тартылды. 73 шақырым жол тартылды. 47 шақырым арық қайта жасалды.

320 көшеге жарықтандыру жүргізіліп, 287 шақырым су желісі, 15 шақырым электр желісі, 20 шақырым жылу желісі, 130 шақырым газ желісі тартылды.

Барлығы 2,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Бүгінгі есепті кездесу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатымен жұмыс жасап жатқан қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың жұмысының логикалық жалғасы іспеттес», - деді баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар