Алматыда балалар Іле Алатауы паркін өртеп жібере жаздады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жасөспірімдер Іле Алатауы ұлттық паркінің Түрген бөлімшесінде даланы өртемек болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Іле Алатауы мемлекеттік мекемесі Түрген бөлімшесінің хабарлауынша, 27 қазанда Есік орман шаруашылығында 2 жерден өрт шыққан. Өрт 1,5 га аумақты шарпыды. Орманда біреулер қасақана от жаққаны анықталды», - делінген ұлттық парктің Facebook-тегі парақшасында.

Түрген бөлімшесінің мемлекеттік инспекторы Е.Қыдыров оқиға орнында болған 5 адамды ұстады.

«Ұсталғандар Есік қаласының кәмелетке толмаған жасөспірім тұрғындары болып шықты. Кейін күдіктілердің ата-аналары Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөліміне шақыртылды. Ата-аналар түсініктеме жазып, балаларының тауда от жаққанын растады», - деді ұлттық парк өкілдері.

фото: Диониси Мить
Соңғы жаңалықтар